ҚР Парламенті Сенатының депутаттары С.Трұмов пен Б.Шелпеков Құрық Порты теңіз айлағына келді.
Бүгін олар алдымен аудан әкімдігінде өткен жиналысқа қатысып, «Құрық – Жетібай» бағытындағы құрылысы жүріп жатқан Республикалық маңызы бар жолды талқылады.
Жиналыстан соң, олардың іс-сапары Құрық порты айлағында жалғасын тапты. «Құрық порты» ЖШС-нің басшысы АхметовСерік Жетпіспайұлы мекеме мен оның аумағында салынып жатқан астық терминалы мен кемелерге қызмет көрсету базасының жұмысы туралы, сондай-ақ, алдағы күтілетін нәтижелері туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде Сенаторлар порт жұмысына оң бағасын беріп, жұмыстарды сапалы жүргізу мен уақытылы аяқтау бойынша тапсырма берді.