Тазалық – денсаулық кепілі

15 тамыз, 2022

Құрық порты паром кешенінің аумағы мен айналасында сенбілік өтті. Компания жұмыс жасап келе жатқан бес жылда бұл дәстүрге айналып үлгерді. Бұл тазалық акциясына кәсіпорынның барлық қызметкерлері, оның ішінде басшылық атсалысты.

Сенбілік – бұл ең алдымен мереке – тазалық мерекесі. Күнделікті атқаратын жұмыстарын кейінге шегерген қызметкерлер порт аумағына шығып, айналаны ретке келтіріп, қоқыстардан тазартты. Ашық ауада жұмыс жасап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Сенбілік қызықты өтіп, нәтижелі болды. Кәсіпорын қызметкерлері аумақтың таза болуы әрқайсымыздың басты міндетіміз деген қағиданы ұстанады.

Фотогалерея

slide
slide
slide
slide
slide