Құрық портына іссапармен «Hamburger Hafen und Logistik Aktiengesellschaft» АҚ өкілдері келді

12 тамыз, 2022

Құрық портына іссапармен «Hamburger Hafen und Logistik Aktiengesellschaft» АҚ өкілдері келді

Сапардың мақсаты – Құрық теңіз портының қызметі мен өндірістік қуаттарымен танысу.

Құрық портында неміс компаниясының өкілдері паромды кешеннің бірқатар нысандарын аралап, порттың бас директоры Серік Ахметовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы жүк айналымы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, көлік бағыты бойынша жүктерді тасымалдау бойынша үйлестірілген жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Фотогалерея

slide
slide
slide