«Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы транзиттік-көліктік ынтымақтастық: Орта дәлізді дамыту перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел

16 маусым, 2022

Брюссельде «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы транзиттік-көліктік ынтымақтастық: Орта дәлізді дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бұл шараны Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақтағы Өкілдігі Еуропалық Парламенттің құрметті мүшесі Богуслав Либерадзки мырзамен, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясымен, «ТХКБ» (Орта дәліз) халықаралық қауымдастығымен бірлесіп оның бес жылдығына орай ұйымдастырылды.

Жиынның негізгі мақсаты – Қазақстан мен ЕО арасындағы байланыс саласындағы мүдделі тараптардың ортақ мүдделерін, ТРАСЕКА бойындағы мультимодальды транзиттік бағыттың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылау.

Дөңгелек үстел қатысушылар мен спикерлердің жаһандық жеткізу тізбегі мен бағыттары, практикалық байланыс, мультимодальды тасымалдау, Орта дәліз бойындағы сауда, халықаралық логистика және әлемдік нарық, халықаралық логистика және халықаралық нарықтар, Азия және Еуропа арасындағы көлік байланыстарының серпінді дамуына арналған сессиялар аясындағы талқылауларына арналған сұрақтарды біріктірді.

«Құрық порты» ЖШС бас директоры Ахметов Серік өз кезегінде порттың ағымдағы жұмыс барысы мен алдағы даму жоспарлары туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Дөңгелек үстелге қатысушылар ЕО-ның қолдауын ескере отырып, диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді және дәліз ТРАСЕКА елдерінің де, Еуропа мен жалпы Азия елдерінің де халықаралық сауданың сұранысын қанағаттандыра отырып, одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Фотогалерея

slide
slide
slide
slide
slide
slide