Құрық портына «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басшылығы жұмыс сапарымен келді

09 маусым, 2022

Құрық портына «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басшылығы жұмыс сапарымен келді.

Сапардың мақсаты – «Құрық Порты» ЖШС Бас директоры Серік Ахметовпен кездесу өткізіп, порт аумағын арнайы экономикалық аймақ құрамына қосу арқылы «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушысы ретінде Құрық портын тіркеу мәселелерін талқылау.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловтың аталған мәселе бойынша тапсырмасын іске асыру барысын талқыланып, бірқатар бірлескен іс-шаралар белгіленді.

Бас директордың орынбасары Арман Шабанов порт қызметімен, инфрақұрылым объектілерімен және одан әрі даму жоспарларымен таныстырды. Порт аумағын қоса отырып, АЭА аумағын кеңейту бойынша ұсыныстар ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолданды. Кездесу қорытындысы бойынша іс-шараларды нәтижелі жүзеге асыруға бағытталған жол картасы әзірленіп бекітіледі.

Фотогалерея

slide
slide
slide
slide