Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық іс-шара

20 мамыр, 2022

Құрық теңіз портына қызмет көрсету жөніндегі ЖПб-нің бастығы полиция майоры Е.Қалдыбаев қызмет ету аумағында «Құрық порты» ЖШС қызметкерлеріне жедел профилактикалық түсіндіру іс-шарасы жүргізді.

Жүргізілген профилактикалық түсінік жұмыстарының мақсаты – есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер және прекурсорлардың байланысты қылмыстарды ескерту, анықтау, олардың жолын кесу және ашу. Жиында сондай-ақ, олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануға қарсы әрекеттердің қылмыстық кодекстің қандай баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

Фотогалерея

slide
slide