Құрық порты іскерлік серіктестікті дамытуда

06 мамыр, 2022

«Құрық порты» ЖШС паромды кешеніне жұмыс сапарымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Бижу Наир келді.

Сапардың мақсаты – порттың қызметімен және инфрақұрылымымен танысу.

Сапар барысында Құрық портының бас директоры Ахметов Серік паром кешенінің аумағында экскурсия жүргізіп, порттың инфрақұрылымымен және өндірістік қуаттарымен таныстырды. Сонымен қатар, экономикалық көрсеткіштерге, Құрық портының әлеуетін дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларға шолу жасады.

Кездесу барысында тараптардың одан әрі ынтымақтастығы, оның ішінде Құрық порты паром кешені арқылы жүк тасымалының ұлғаюына әкелетін портты стратегиялық дамыту жоспарларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Биджу Наир компанияның жұмысын жоғары бағалап, алдағы уақытта ынтымақтастық орнатуға мүдделілігін білдірді.

Фотогалерея

slide
slide
slide
slide
slide