Бізде сенбілік өтті

05 мамыр, 2022

Құрық порты аумағында дәстүрлі сенбілік өтті. Порттың бас директоры мен әкімшілігі, сондай-ақ, барлық қызметкерлері аумақты және жақын маңдағы аймақты тазалауға белсене атсалысты.

Экологиялық шара барысында паром кешенінің ұжымы мен басшылығы көгалдар мен жаяу жүргіншілер жолын тазалап, қоқыстарды шығарды. Сонымен қатар, ағаштар отырғызылды. Барлығы 30-ға жуық астам ағаш отырғызылды.

Сенбілік күні порттың эстетикалық келбетін жақсарту бойынша да жұмыстар жүргізіліп, бордюрларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктері сырланды. Нәтижесінде айнала тазарып, жаңаша түрге енді. Ашық аспан астындағы жұмыс қызметкерлерге үлкен қуаныш сыйлады. Сенбілік қызықты әрі жоғары деңгейде өтті.

Фотогалерея

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide