Рамазан – қайырымдылық айы

29 сәуір, 2022

Құрық ауылында қайырымдылық шарасы өтті.

Қасиетті Рамазан айында «Құрық порты» ЖШС басшылығы мен кәсіподақ ұйымы ауылдағы аз қамтылған отбасыларға қажетті азық-түліктер таратты.

Шараға белсене қатысқан порт қызметкерлері он шақты отбасына ет мен қажетті өнімдерді үлестірді.

Азық-түлік пакеттері отбасылардың үйлеріне жеткізілді. Олардың қатарына ауыл мешітінің арнайы тізіміндегі әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, яғни толық емес, мүгедек балалары бар отбасылар, сол сияқты жалғызбасты зейнеткерлер кірді.

Азық-түліктерді қабылдып алған отбасылар порт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Фотогалерея

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide