Біздің қызметкерлер

28 сәуір, 2022

Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Ахбелов Ерлан Кідірқожаұлы «Құрық порты» ЖШС жабдықтарды іске қосу жөніндегі инженер қызметін атқарады.

2009 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «инженер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «КазСтройСервис» АҚ-да бастаған. 2008-2017 жылдар аралығындабірнеше ірі компанияларда, соның ішінде «DJ Global Inspection Service LTD», сондай-ақ «Schlumberger» және «Helios» ЖШС-де жұмыс істеген.

Құрық портында 2017 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ерлан Ахбелов біздің компанияда жұмыс істеген уақытында өзін жоғары білікті және кәсіби маман ретінде көрсете білді, өз жұмысының нәтижесіне жоғары жауапкершілікпен қарайды. Әріптестеріне көмектесуге дайын. Қызметтес әріптестерімен іскерлікпен қатар, жақын достық қарым-қатынаста.

Фотогалерея

slide