Сұрақ TIME

26 сәуір, 2022

Паромға билеттерді қайдан алуға болады?

Құрық порты – Алят порты (Баку) бағыты бойынша пароммен сапар шегетін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жолаушылар билеттері Ақтау қаласында мына мекен-жайда сатылады:

Ақтау қаласы, 5 шағын аудан, 29 үй, 1 кеңсе, ғимарат артындағы кіреберіс.

  • Ұялы телефон: +7 (771) 444 35 11,
  • Қалалық телефон: 8 (7292) 50-03-46,
  • Электрондық пошта мекен-жайы: ticket@ferry.kz.

Билеттер сату бойынша агент: «FERRY MANAGEMENT» ЖШС.

Сонымен қатар, билеттерді https://www.asco.az «Әзірбайжан Каспий кеме қатынасы компаниясы »ЖАҚ ресми сайтынан сатып алуға болады.

Билетті электронды билет жүйесінде сатып алған жолаушылар паромдағы жолаушылар тізіміне қосылу үшін «FERRY MANAGEMENT» ЖШС билет сату агентіне хабарласып, тіркелу қажет.

Фотогалерея

slide