Біздің қызметкерлер

14 сәуір, 2022

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

Сіздерді компаниямыздың қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз.

Мырзағұл Медет Киікбайұлы – Құрық порты паром кешенінің диспетчері.

2005 жылы М.Тынышпаев атындағы көлік және байланыс академиясын «Су көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру инженері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Еңбек жолындар бірнеше кәсіпорындарда қызмет атқарып, Құрық портына келгенге дейін «АХҚО» ҰК» АҚ бас диспетчерінің басқару орталығы басшысы орынбасары қызметін атқарды.

Медет Киікбайұлы біздің компанияда жұмыс істегелі өз ісінің тәжірибелі маманы, мойнына жауапкершілік ала алатын білікті, жауапты және белсенді қызметкер ретінде көрсете білді. Әріптестері арасында сыйлы, олармен іскеркерлікпен қатар, достық қарым-қатынаста.

Фотогалерея

slide