Біздің қызметкерлер

04 сәуір, 2022

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Мамутов Жарас Төремұратұлы – «Құрық порты» ЖШС жүк жөнелту қызметінің маманы.

Алматы қаласындағы «Қайнар» университетінің түлегі, сонымен қатар 2014 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Сонымен қатар, кедендік декларациялау бойынша маманның біліктілік сертификаты бар.

Еңбек жолын 2004 жылы «KazTransLogistics» ЖШС кедендік ресімдеу бойынша маман болып бастады.

Құрық порты паромды кешеніне келгенге дейін «МБ-сервис» ЖШС, «Митра Групп» ЖШС компанияларында және де «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ жұмыс істеген.

Біздің компаниямызда 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Жарас Мамутов Құрық портында жұмыс істеген уақыттан бері өзін сауатты, білікті, тәртіпті маман ретінде көрсетіп келеді. Жауапкершілікті өз мойнына ала алатын білікті, жауапты және белсенді қызметкер. Әріптестерімен достық қарым-қатынаста.

Құрық порты ұжымы атынан Жарас Төремұратұлына еңбекте сәттілік және де жаңа белестерді бағындыра беруін тілейміз.

Фотогалерея

slide