Біздің қызметкерлер

30 наурыз, 2022

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Шеркешбаев Сисенбай Алиұлы – «Құрық порты» ЖШС энергетикалық қызметінің басшысы қызметін атқарады.

«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1984 жылы элект монтері болып бастаған. Энергетика саласының тәжірибелі маманы. Еңбек жолының 35 жылында көптеген компанияларда жұмыс істеген. Құрық порты паромды кешенінде 2019 жылдан бері қызмет жасайды.

Сисенбай Алиұлы біздің компанияда жұмыс істегелі өзін энергетика саласында жетік меңгерген, нәтижелі жұмыс үшін жоғары жауапкершілікті сезінетін жоғары білікті маман ретінде көрсетті. Ұжымда беделді, кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.

«Құрық порты» ұжымы атынан әріптесімізге алдағы жұмысына табыс тілейміз.

Фотогалерея

slide