Жайдарман - 2022

28 наурыз, 2022

Ағымдағы жылдың 14 - 19 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Жайдарман ойындарының «Маусымашар-2022» фестивалі өтті.

Маусымашарға «Құрық порты» ЖШС қызметкерлерінен құрылған команда қатысты. Бір аптаға созылған шарада еліміздің түпкір-түпкірінен мыңнан астам қатысушы, 170 топ өнер көрсетті.

Құрық порты командасының атынан Қамидолллаев Бегей, Абдрашид Асланбек, Дәріғұл Данияр, Бисемби Қуаныш, Нияз Алдияр, Якуб Нұрсұлтан қатысты. Компаниямыздың ойыншылары іріктеу кезеңінен өтіп, Шымкент қаласында өтетін премьер-лига ойындарына жолдама алды.

Айта кетейік, Құрық порты жайдарман командасы – еліміздің теңіз саласындағы компаниялары арасынан құрылған тұңғыш команда. Құрама команданың мақсаты – жастардың дұрыс қоғамдық пікірін қалыптастырып, заманға сай дамып, өмірде өз орнын дұрыс таба білу және де елжастарының назарын теңіз саласына аудару.

Бұл күнде жастардың қызығып ойнайтын, көпшіліктің тамсана тамашалайтын ойындарының бірегейі – Жайдарман! Жайдарман – қазіргі таңда телеарна арқылы көрсетіліп, көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі.

Фестиваль аясында Жайдарман ойындарынан бөлек, «Астана-Арена» стадионында елордалық «SD Family» әуесқой клубы мен «Jaidarman» құрамасының қатысуымен қайырымдылық футбол кеші өтті. «Jaidarman» футбол командасының құрамында Құрық портының қызметкері Бисемби Қуаныш өнер көрсетті.

Сондай-ақжоба аясында тренингтер, өзара сұхбат-подкасттар жүргізіліп, елімізге белгілі медиатұлғалардың қатысуымен конференция өтті.

Фотогалерея

slide
slide
slide