Құрық порты Әзірбайжанға тасымалданатын жүк көлемін ұлғайтпақ

15 наурыз, 2022

Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы Елшілігінде өткен TDK Kazakhstan конференциясына «Құрық порты» ЖШС бас директоры Ахметов Серік Жетпіспаұйлы қатысып, сөз сөйледі.

Конференция барысында қазақстандық порттар арқылы өтетін жүк көлемін арттыру мәселесі талқыланды. Кездесуге қатысушылар автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды дамыту және бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге келді. Сонымен қатар ТХКБ жұмысын ілгерілету үшін бірлескен логистикалық компания құру бастамасын қолдады.

«Құрық порты» ЖШС бас директоры жүктерді ауыстырып тиеу көлемін 5 есеге арттырып, Құрық портына жүк көлемін қосымша 4 миллион тоннаға жеткізуге дайын екенін мәлімдеді.

«Қазір компания басшылығы порт арқылы өтетін жүктерді өңдеуді қамтамасыз етуге, Құрық портының өндірістік қуатын сақтау және барынша пайдалану үшін тиісті шараларды жасауда. 2022 жылдың басынан бері «Құрық порты» ЖШС паром кешені арқылы 150 мың тоннадан астам жүк ауыстырылып тиелді», — деп атап өтті Серік Ахметов.

Фотогалерея

slide
slide
slide