1 наурыз - Алғыс айту күні

01 наурыз, 2022

Құрметті Қазақстандықтар!

Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Айтулы мереке көктем айының алғашқы күнімен бірге төрімізге еніп, күнделікті өмірімізге нұрлы шуағын шаша келгендей.

Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос өкілдерінің қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай, бірге көтере білді. Осылайша бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Еліміздің біртектілігі мен бірлігі нығая берсін!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш, бақыт тілейміз!

Құрметпен,

“Құрық Порты” паромдық кешені.

Фотогалерея

slide