«Қазақстан теміржолшысы» жаңалықтар басылымының бетінде «Құрық порты» паромды кешенінің қызметі туралы материал жарияланды. Назарларыңызға осы мақаланы ұсынамыз.
2022 жылдың басынан бері «Құрық порты» ЖШС паром кешені арқылы 80 мың тоннадан астам жүк ауыстырылып тиелді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Құрық порты арқылы Қазақстаннан мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, химиялық заттар, металл, халық тұтынатын тауарлар экспортталады. Импорт - азық-түлік, өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, тоқыма, электроника, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар.
2022 жылдың қаңтар айында порт 82 289 мың тонна жүк өңдеді. Соңғы бір жылда бұл көрсеткіш 974 мың тоннаға жеткен. Оның 564 мың тоннасы теміржол арқылы ауыстырылып тиелген.
Еске салсақ, порттың қазіргі инфрақұрылымы төрт паромға бір уақытта қызмет көрсететін теміржол және автомобиль айлақтарымен бөлінген.
Теміржол айлақтарының өткізу қабілеті жылына 4,1 млн тоннаны құрайды. Бір деңгейлі паромды өңдеудің толық циклінің орташа уақыты 6-8 сағатты, ал екі деңгейлі паромды өңдеудің орташа уақыты 10-12 сағатты құрайды, бұл порт жұмысшыларына тәулігіне 5-8 паромға дейін өңдеуге мүмкіндік береді. Паромдарға 54 вагонға дейін сыяды.
Бес жылдан астам уақыт бұрын паром кешені іске қосылғаннан бері 2461 кеме өңделген.
– Алдағы жылдары порттың өткізу қабілетін 1,5-2 миллион тонна жүкпен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта порттың әлеуетіне назар аударып отырған инвесторлармен бірлесіп, бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатырмыз», - деді «Құрық портц» ЖШС бас директоры Серік Ахметов.
Толық материалды www.rail-news.kz сайтынан оқи аласыздар.