Біздің қызметкерлер

22 ақпан, 2022

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Якуб Нұрсұлтан Мәдешұлы «Құрық порты» ЖШС паромдық қызмет көрсету қызметінде жұмыс жасайды. Алматы қаласындағы Энергетика және байланыс колледжін «Энергетика» мамандығы бойыншабітірген. Сондай-ақ, Ш.Есенов атындағы КМТИ университетінің «Тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.

Құрық портында 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Оның паромдық қызмет көрсетуші орнындағы негізгі міндеттері - палубалық, жалпы және жүктерді жылжымалы құраммен, теңіз кемелерімен және пакеттер санына қарай автомобильмен тасымалдауды қамтамасыз ету, контейнерлерді беру, жүк алушыларға палубалық жүктерді беру, жүктер мен көліктерді жабдықтау және т.б.

Біздің паромдық кешендегі жұмыс барысында Нұрсұлтан Мәдешұлы өзін жауапкершілігі мол, болашағы зор маман ретінде көрсетті. Өз міндеттерін уақытылы және сапалы орындайды. Құрметті әріптес.Коммуникативті және жауапты.

Құрық порты атынан Нұрсұлтан Мәдешұлының жұмысына сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз.

Фотогалерея

slide