Біздің қызметкерлер

15 ақпан, 2022

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Бүгінгі материалымыздың кейіпкері – Әбдірашит Асланбек Әбдірашитұлы – компаниямыздың ең жас қызметкерлері мен жаңа қызметкерлердің бірі.

Құрық порты паромды кешенінде 2021 жылдан бастап диспетчерлік қызметте жұмыс істейді. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

Біздің компанияда жұмыс істеген аз уақыт ішінде ол ұжымға тез қосылып, өзін жауапты және әлеуетті маман ретінде көрсете білді. Әріптестерімен достық қарым-қатынаста.

Құрық порты атынан Асланбек Әбдірашитовқа жұмысына табыс пен өркендеу тілейміз.

Фотогалерея

slide