Құрық порты ұжымы кәсіпорын аумағында сенбілік өткізді.
7 ақпанда паром кешенінің аумағы мен айналасында сенбілік өтті. Компания жұмыс жасап келе жатқан бес жылда бұл дәстүрге айналып үлгерді. Бұл тазалық акциясына кәсіпорынның барлық қызметкерлері, оның ішінде басшылық атсалысты.
Сенбілік – бұл ең алдымен мереке – тазалық мерекесі. Күнделікті атқаратын жұмыстарын кейінге шегерген қызметкерлер порт аумағына шығып, айналаны ретке келтіріп, қоқыстардан тазартты. Ашық ауада жұмыс жасап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Сенбілік қызықты өтіп, нәтижелі болды. Кәсіпорын қызметкерлері аумақтың таза болуы әрқайсымыздың басты міндетіміз деген қағиданы ұстанады.