Біздің қызметкерлер

31 қаңтар, 2022

Қайырлы күн құрметті оқырмандар! «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Исатаев Мұрат Тәжімұратұлы Құрық портының диспетчері қызметін атқарады.

2004 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Теңіз қондырғылары мен жабдықтарын пайдалану инженері» мамандығы бойынша бітіріп, 2011 жылы Ш.Есенов атындағы КМТУ-да осы мамандық бойынша магистр дәрежесін алды. Сонымен қатар, бірқатар біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Еңбек жолын 2005 жылы "Schulumberger Logelco Inc" компаниясында бастаған.Құрық порты паромды кешеніне келгенге дейін көптеген компанияларда жұмыс істеген. Өз саласында үлкен тәжірибелі маманы.

Құрық портында 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Мұрат Тәжімұратов біздің компанияда жұмыс істеген уақытында өзін кәсіби және тәжірибелі сонымен қатар өз саласының жоғары білікті маманы ретінде көрсетті.

Іскерлік қасиеттермен қатар, оның ұйымдастырушылық және коммуникативті қасиеттерін атап өткеніміз жөн. «Құрық порты» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы. Компаниямыздада осындай жауапты қызметтерді атқарып жүрген Мұрат Исатаев өз қызметін жоғары деңгейде атқарып келеді.

Құрық портының атынан бүгінгі кейіпкерімізге еңбегіне табыс пен әрі қарай да өркендей беруін тілейміз.

Фотогалерея

slide