Біздің қызметкерлер

25 қаңтар, 2022

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Майра Кеңесқызы Жолдыбаева «Құрық порты» ЖШС кеңсе басшысы қызметін атқарады.

1998 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "Аударма ісі", "Орыс мектептерінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 12 жыл ұстаздық қызметтен кейін 2010 жылы «АХТСП» АҚ-на мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман болып ауысты. Құрық порты паромды кешенінде 2017 жылдан бері жұмыс істейді.

Майра Кеңесқызы өзін ұжымда өз ісінің тәжірибелі маманы ретінде көрсете білді.Құрық порты кеңсесінің меңгерушісінің негізгі міндеттеріне кәсіпорында іс жүргізу, құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, кіріс және шығыс құжаттарды аудару, түзету және тіркеу, сондай-ақ қызметкерлерді кәсіби мемлекеттік тілге оқыту кіреді. Жұмыс уақытында кәсіби міндеттерін орындауға толығымен орындайды. Әріптестері оны өз ісінің жауапты әрі білікті маманы ретінде құрметтейді.

Сондай-ақ, іскерлік қасиеттерімен қатар, жұмыстастарымен жақын достық қарым-қатынаста. Майра Кеңесқызына Құрық порты ұжымы атынан жұмысына табыстар мен барлық жақсылықтарды тілейміз.

Фотогалерея

slide