Біздің қызметкерлер

18 қаңтар, 2022

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Айтбай Қанат Сәлімгерейұлы «Құрық порты» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер қызметін атқарады.

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің түлегі және Шығыс экономика және заң академиясының «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистранты.Сондай-ақ, 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Медиа және PR-коммуникация: тұрақты даму стратегиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қанат Сәлімгерейұлының медиа саласында тәжірибесі мол. Еңбек жолын 2004 жылы Жолбаян радиосында музыкалық жүргізуші болып бастаған. Отандық телерадиокорпорацияларда журналист, жобалардың авторы, сондай-ақ телеарналардың аймақтық тілшісі болып жұмыс жасаған.2014 пен 2016 жылдар аралығында Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы әкімдерінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.Ол сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Маңғыстау филиалында баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарған.

Қазіргі уақытта «CASPIAN TODAY KZ» жаңалықтар порталының бас продюсері және қоғам белсендісі.

Құрық портында 2019 жылдан бері қызмет етеді.Компаниямызда жұмыс істеген уақыт ішінде ол өзін тәжірибелі, өз саласының жоғары білікті маманы ретінде көрсете білді.Қанат Сәлімгерейұлының компанияның сыртқы коммуникациясын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өткеніміз жөн, оның ішінде Құрық портының БАҚ-пен белсенді қарым-қатынас жасауы және түрлі іс-шаралар мен PR-науқандарға қатысу, әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасын жүргізу және т.б.

Оның іскерлік қасиеттерімен қатар, жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық қасиеттеріне ие.

«Құрық порты» ЖШС ұжымы атынан бүгінгі айдарымыздың кейіпкеріне еңбекте табыс, жаңа белестерді бағындыра беруін тілейміз.

Фотогалерея

slide