ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖАС ПОРТ 5 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

15 желтоқсан, 2021

2021 жылдың желтоқсан айы «Құрық порты» ЖШС үшін айтулы күн. Портқа ең бірінші кеменің келіп кіруінен бастап паромды кешеннің жұмысы басталды. Бұл 2016 жылы болатын. Осы қысқа уақыт ішінде Құрық порты кәсіби компания және теңіз саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде ктын шығара білді. Қазіргі уақытта порттың паромдық кешені арқылы қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар мен химиялық заттар экспортталады. Импортта азық-түлік тауарлары, өнеркәсіптік жабдықтар, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар.

Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан порт арқылы осы күнге дейн 2018 кеме өңделіп, жүктерді ауыстырып тиеу 6 миллион тоннадан астам көрсеткішке жетті. Биылғы жылдың соңғы 10 айында 866,743 мың тонна жүк өндіріліп, 368 кемені өңдеу жұмыстары жүргізілді. Порт толық қызметкерлермен жабдықталған және 160 адам қызмет көрсетеді.Көпшілігі жергілікті мамандар.

Порт ұжымы компанияның 5 жылдық мерейтойы аясында спорттық жарыстар мен қайырымдылық акциялар өткізді. Жұмыста жоғары нәтижелерге жету үшін қызметкерлер табанды әрі мықты болуы керек. Порт аумағында шахмат пен шашка, үстел теннисі, арқан тартыс және гір тасын көтеруден жарыстар ұйымдастырылды. Оларға 50-ден астам порт жұмысшылары қатысты. Тағы 40-қа жуық қызметкер боулинг пен бильярд турнирінде бағын сынады.

Сондай-ақ бас директор С. Ж. Ахметов басқаратын порт ұжымы қарттар үйіне барып, қонақтарға мерекелік шай ұйымдастырды және де бөбектер үйінің тәрбиеленушілері мен ерекше қамқорлықтағы балаларға мерекелік сыйлықтар табыс етті.

Биылғы жылы порттың туған күнінде техникалық блок пен пайдалану бойынша бөлімшелерінің қызметкерлері жұмыс барысымен қызықты бейнеролик жасап, қызықты сый жасады. Шара Қарақия аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

«Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов өз сөзінде барлық қызметкерлерді 5 жылдық мерейтоймен және келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, ол портты дамытуға қосқан үлестері үшін паром кешеніндегі барлық жұмысшыларға алғысын білдірді.

Осы ретте паром кешенінің еңбек сіңірген қызметкерлеріне алғыс хаттар мен төсбелгілерді тапсыру, сондай-ақ «Құрық порты» ЖШС-нің 5 жылдығы аясында өткізілген іс-шараның спорттық жарыстарының жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Фотогалерея

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide