«Trans Logistica Uzbekistan 2021» 17-ші халықаралық көрмесі

19 қараша, 2021

«Құрық порты» ЖШС бас директорының маркетинг және логистика бойынша атқарушы директоры Өтегенов Әлібек және маркетинг қызметі басшысы Нұрмағамбетов Айтқали «Trans Logistica Uzbekistan 2021» 17-ші халықаралық көрмесіне қатысты.

«Trans Logistica Uzbekistan 2021» көрмесі барысында қатысушылар отандық көлік саласының жай-күйі мен даму перспективаларын – контейнерлік бағдарламаны, көлік саласындағы ақпараттық және цифрлық технологияларды, ТЛК құрылысын және көлік және логистика саласында, теңіз, әуе, автомобиль және темір жолды қоса алғанда, транзиттік және тасымалдау мәселелерін жақсарту бойынша инфрақұрылымдық жобаларды талқылады.

«Trans Logistica Uzbekistan 2021» Өзбекстандағы жетекші халықаралық мамандандырылған көрме, ол нарық көшбасшылары мен халықаралық сала сарапшыларын бір алаңға жинап, логистикалық жүйелерді жетілдіруге, көлік инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия аумағында жүк тасымалдау көлемінің өсуіне ықпал етеді.

Халықаралық көлік көрмесінің жұмысына қатысу аясында қатысушылар Ташкент қаласындағы «Чукурсай логистикалық орталығы» және ULC сияқты көлік-логистикалық орталықтарын аралады.

«O'ztemiryo'lkonteyner» АҚ Өзбекстан темір жолындағы ресми экспедитор болып табылады және Өзбекстан Республикасы, ТМД елдері, Еуропа және Ауғанстан аумағы арқылы экспорттық-импорттық, транзиттік және ішкі жүктерді тасымалдау бойынша экспедиторлық қызметтерді көрсетеді.

Фотогалерея

slide
slide
slide