Біздің қызметкерлер

09 қараша, 2021

Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!

Сіздерді паром кешенінің қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз.

Бүгінгі айдарымыздың кейіпкері Әлтекешев Ғайни Мұфтахұлы «Құрық птрты» ЖШС маркетинг және логистика бөлімінің _ деңгейлі менеджері қызметін атқарады.

2004 жылы Алматы технологиялық университетін өндіріс технологы мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар Алматы экономикалық колледжінің экономика/қаржы және несие кафедрасының түлегі. 2009 жылы Қазақ теміржол және коммуникация университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «ARCH Financial Solution» ЖШС маркетинг бөлімінің маманы болып бастаған. Одан кейін көптеген ірі компанияларда, жауапты қызметтерде қызмет еткен. Құрық портына келгенге дейін «Standard Life» АҚ филиалының директоры қызметін атқарған.

Құрық порты паромды кешенінде 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Әкімшілік-шаруашылық қызметінің басшысы қызметін атқарып, биыл маркетинг және логистика бөліміне ауысты.

Біздің компанияда жұмыс жасау барысында ол өзін жоғары білікті маман және өз саласының тәжірибелі қызметкері ретінде көрсетіп келеді. Жауапты, ұқыпты, білікті маман ретінде әріптестері арасында үлкен құрметке ие.

Фотогалерея

slide