Жолаушылар тасымалы

03 қараша, 2021

Құрметті жолаушылар!

«Құрық порты» ЖШС Құрық порты – Алят порты (Баку) бағыты бойынша пароммен сапар шегетін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жолаушылар билеттерін сату Ақтау қаласында мына мекен-жай бойынша жүргізілетінін хабарлайды.

Ақтау қаласы, 5 шағын аудан, 29 үй, 1 кеңсе, ғимарат артындағы кіреберіс.

Билеттер сату бойынша агент: «FERRY MANAGEMENT» ЖШС.

Сонымен қатар, билеттерді https://www.asco.az «Әзірбайжан Каспий кеме қатынасы компаниясы »ЖАҚ ресми сайтынан сатып алуға болады.

Билетті электронды билет жүйесінде сатып алған жолаушылар паромдағы жолаушылар тізіміне қосылу үшін «FERRY MANAGEMENT» ЖШС билет сату агентіне хабарласып, тіркелу қажет.

Фотогалерея

slide