"БҰЛ - БІЗ" айдары

01 қараша, 2021

Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!

Бүгінгі айдарымызда сіздерді «Құрық порты» ЖШС паромдық қызметінің жұмысымен таныстырғымыз келеді.

Паромдарға қызмет көрсету қызметтің негізгі бағыттары:

- вагондарды, дөңгелекті көліктерді, жүктерді түсіру және тиеу, жолаушыларды түсіру және мінгізу үшін RO-RO типті жүк-жолаушы паромдарды өңдеу;

- паром алаңдарында тауарларды ұтымды орналастыру;

- темір жол вагондарының жылжымалы жүк тасымалының жоспарын уақтылы және дұрыс құру, сондай-ақ, жылжымалы құрамды шолу болып табылады.

Сонымен қатар, теңіз кемелерінен, темір жол жылжымалы құрамдарынан және автомобиль көлігінен контейнерлерді қабылдау, теңіз кемелеріне жалпы жүктерді, орам саны бойынша басқа жүктерді, контейнерлерді нөмірлері және пломбасы бойынша тапсыру және де көліктерді шасси нөмірі мен маркасы бойынша белгілеу осы қызметтің негізгі міндеттеріне жатады.

Фотогалерея

slide
slide
slide