Біздің қызметкерлер

22 қыркүйек, 2021

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Бүгінгі айдарымыздың кейіпкері Құлмұрзиев Данат Санақұлы – «Құрық порты» ЖШС жүк жөнелту қызметінің басшысы қызметін атқарады.

Ш. Есенов атындағы КМТИ университетінің түлегі. Еңбек қызметін 2005 жылы бастаған. Құрық портына келгенге дейін бірқатар ірі мекемелерде жауапты қызметтер атқарған.

Құрық портында жұмыс жасап бастаған уақыттан бері Данат Кұлмұрзиев өз саласының тәжірибелі маманы және жоғары білікті басшы ретінде көрсетіп келеді. Ұжымдастары өз ісінің кәсіби маманы ретінде құрметтейді, себебі тапсырылған міндеттерді аса жоғары жауапкершілікпен және сапалы орынайды. Сондай-ақ, іскерлік қасиеттерінен бөлек, жұмыстастарымен достық қарым-қатынаста.

Құрық портының атынан Данат Санақұлына жұмысына табыстар мен барлық жақсылықтарды тілейміз.


Фотогалерея

slide