БҰЛ - БІЗ айдары

20 қыркүйек, 2021

Қайырлы күн қымбатты оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға «БҰЛ – БІЗ» айдарын ұсынамыз.

Бұл айдарда сіздерді компаниямыздың құрылымдық бөлімдерімен таныстырамыз.

Бүгінгі материалда «Құрық порты» ЖШС кірістер мен тарифтік саясат бөлімінің қызметі туралы айтпақпыз.

Кірістер мен тарифтік саясат бөлімінің жұмысы оңай емес. Тарифтік айналым сұрақтары бойынша талдаулық ақпараттар мен есептерді дайындау, атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге баға қою, компания жұмысы мен қызметтеріне атқарылған істердің есебін дайындау – барлығы осы бөлімнің менеджерінің міндеттеріне кіреді.

Құрық портының кірістер мен тарифтік саясат бөлімінің негізгі міндеттері «Құрық порты» ЖШС көрсететін қызметтеріне экономикалық негізделген тарифтерді енгізуді қамтамасыз ететін серіктестіктің бірыңғай тарифтік саясатын жүргізу, клиенттерге есептерді сапалы және уақытылы дайындау және қою болып табылады.

Сондай-ақ, кірістер мен тарифтік саясат бөлімінің қызметкеріне қаржылық білімнен бөлек, құқық саласында да сауаттылық маңызды. Себебі бұл бөлім баға айналымының ҚР нормативті актілері мен компанияның жергілікті актілерін қолдануының дұрыстығы мен толықтығын бақылау қызметін де атқарады.


Фотогалерея

slide
slide
slide