Біздің қызметкерлер

14 қыркүйек, 2021

Қайырлы күн қымбатты оқырмандар!

«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Нұрмағамбетов Айтқали Жынгилбайұлы «Құрық порты» ЖШС маркетинг бөлімі басшысы қызметін атқарады.

2013 жылы Ресей халықтар достығы университетін «экономика және кәсіпорынды басқару» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, осы мамандық бойынша аталған жоғары оқу орнында магистр дәрежесін алды. 2018 жылы Маңғыстау гуманитарлы-техникалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы «Ақтау халықаралық теңіз-сауда порты» ҰК» АҚ бастаған. Аталған порттың маркетинг және көлік логистикасы, корпоративтік даму мен маркетинг және сату бөлімдерінде 1-дәрежелі маман қызметтерін атқарған.

Құрық портында 2020 жылы маркетинг 1-дәрежелі маманы қызметінде еңбек етіп бастады. Компаниямызда аз уақыттың ішінде өзін сенімді және жоғары білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Берілген тапсырмаларды орындауға үлкен жауапкерлікпен қарайды. Барлық жұмыстарды кақытылы және сапалы орындайды. Осы жылы «Құрық порты» ЖШС маркетинг бөлімі басшысы қызметіне тағайындалды.

Порт ұжымы атынан әріптесімізге сәттілік пен жұмысына табыстар тілейміз.

Фотогалерея

slide