Білімді ұрпақ - ел болашағы

02 қыркүйек, 2021

Құрық порты басшылығы жаңа оқу жылы қарсаңында компания қызметкерлеріне материалды көмек көрсетті. Қаржы «Құрық порты» ЖШС мен оның еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шартқа сәйкес бөлінді.

Шараның мақсаты – үш не одан да көп балалы, сондай-ақ, мектеп жастағы екі балалалы жалғызбасты ата-аналарға көмек көрсету болып табылады.

Әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету үшін компанияның 14 қызметкері аталған материалды көмекке ие болды. Оқушылар саны 40 астам баланы құрады. Әрбір балаға 3 АЕК – 9 мыңға жуық көлемдегі қаражат бөлінді.

Жыл сайын порт басшылығы компанияда еңбек етуші ата-аналарға балаларын мектепке дайындау үшін қаржылай көмек көрсететінін және де қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға септесетінін атап өткеніміз жөн. Осылайша басшылық өз қызметкерлеріне қолайлы жағдай туғызуға басты назар аударады.

- Ата-аналар мен балаларды керемет мерекемен құттықтаймыз. Балалар жақсы білім мен тәрбие алғанын қалаймыз. Жолдары әрдайым ашық болсын, - деп атап өтті паромды кешеннің бас директора Серік Ахметов.

Қаржылай қолдау көрсетілген ата-аналар да өз кезегінде жасалған көмек үшін алғыстарын білдірді.

Фотогалерея

slide