Порт қызметкерлері халықаралық стандарттарды енгізу бойынша тренингтен өтті

12 тамыз, 2021

2021 жылдың мамыр айында Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «Құрық порты» ЖШС «Аудитор/Менеджер/менеджмент жүйесі инженері – ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018» халықаралық стандарттары бойынша оқу тренингі сәтті өткізіліп, серитификаттар табысталды. Оқудың мақсаты – стандарттың жаңа түріне сәйкес менеджмент жүйесіне есеп өткізу бойынша жаңа өзгертулер енгізу, халықаралық менеджменттердің талаптарын меңгеруге үйрету және олардың тәжірибе жүзіндегі қолданысы болып табылады.

Оқу Сапа ISO 9001:2015, Экология ISO 14001, порт жұмыстары/қызметтері саласындағы еңбекті қорғау ISO 45001 бағыттарында халықаралық стандарттарды енгізу мен сәйкестендіру туралы қабылданған шешімге байланысты өткізілді.

Құрық порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Ақтау портының оңтүстігіндегі табиғи шығанақ. Ауа-райы қолайлы болған соң мұнда жыл он екі ай тоқтаусыз автокөлік пен теміржол паромы жұмыс істейді.


Фотогалерея

slide
slide
slide
slide
slide