30 шілде - Халықаралық адам саудасына қарсы күрес күні

30 шілде, 2021

Адам саудасы - адамды алдау, күш қолдану, қоқан-лоққы жасау арқылы саудаға салу, сату немесе пайдалану, сондай-ақ адам бостандығын шектеу немесе адамның осалдығын пайдалану болып табылады.


Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні қарсаңында Құрық портына қызмет көрсетуші полицияның желілік бөлімі басшысы, полиция майоры Қалдыбаев Ержан Қабдығалиұлы компания қызметкерлерімен "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021-2023 жж. жылға арналған адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу және онымен күресу шаралары" тақырыбында кездесу өткізді.


Кездесу барысында ЖПБ қызметінің басшысы аталған қылмыстың алдын алу, зардап шеккендерді анықтау және құтқару, сондай-ақ оларды оңалту жолында қолдау бойынша қолданылатын тиімді шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ елдердің адам саудасын жоюға бағытталған жұмыстарының көптеген мысалдарын көрсетті.


Құрық портының қызметкерлері, өз кезегінде, кездесуден маңызды ақпараттар алып, осы қылмыстың алдын алу шараларынан көптеген мәлімет алды.

Фотогалерея

slide