Құры порты қайырымдылық жобаға қатысуда

28 маусым, 2021


"Құрық порты" ЖШС "Самұрық-Қазына" АҚ компанияларының тобының "Жеңіс" қайырымдылық жобасына ат салысты.


Аталған акция аясында порт қызметкерлері 40 ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйіне азық-түлік салынған пакеттерді жеткізді.


«Жеңіс» жобасының мақсаты - 9 мамыр қарсаңында ғана емес, сонымен қатар тұрақты негізде жалпыұлттық қайырымдылық көмек арқылы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қолдау көрсету.


Өз кезегінде ардагерлер соғыс кезіндегі бастан кешкен оқиғалармен бөлісіп, одан кейінгі қиын кезеңді қалай еңсергендері туралы айтып берді.


Сондай-ақ, акция ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Фотогалерея

slide
slide
slide