«EXPO-RUSSIA KAZAKHSTAN 2021» IX халықаралық өнеркәсіптік көрмесі

24 маусым, 2021

«Құрық порты» ЖШС бас директоры Ахметов Серік Жетпісбайұлы «EXPO-RUSSIA KAZAKHSTAN 2021» тоғызыншы халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.


Көрме барысында Алматы қаласында «ЕАЭО аясындағы өзара сауда: жаңа қиындықтар мен сауда кедергілерін жеңу жолдары» атты бизнес форум өтті.


Форумға Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері мен ведомстволарының, Ресей, Қазақстан, Армения, Беларуссия, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және басқа да Орталық Азия елдерінің сауда палаталары мен іскери қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.


Аталған кездесуде Қазақстан мен Еуропа және Азия елдері арасындағы экономикалық қатынастардың даму перспективалары талқыланды.


Өз кезегінде Серік Ахметов Құрық портының алдағы жылдарға арналған даму стратегиясымен таныстырды.Сонымен қатар, ол өз кезегінде Құрық порты Жаңа Жібек жолын дамытудағыжәне Қазақстанда паромдар қозғалысын арттыруда маңызды нүкте екенін атап өтті.

Кездесу соңында Серік Жетпісбайұлы форумға қатысушылардың сұрақтарына да жауап берді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан форумға қатысқаны үшін алғыс хат табыс етілді.

Фотогалерея

slide
slide
slide
slide