Жаңалық және оқиғалар

21 маусым, 2021
Транскаспийлік өзара байланыс жөніндегі министрлік кездесу

Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия Каспий теңізі арқылы өтетін көлік бағыттарын дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Транскаспий өзара байланысы жөніндегі министрлік кездесуге қатысты.

Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен көлік саласындағы министрлері жұмыс істеу жағдайларын жаңғырту арқылы халықаралық көлік маршруттарын жедел дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу бойынша бірқатар мәселелерді қарады және Каспий-Қара теңіз өңірінде кооперацияны нығайту үшін практикалық қадамдар әзірледі.

Министр М.Тілеуберді Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) және «орта дәлізді» дамыту жөніндегі қазақстандық тараптың тәсілдерін баяндады. «Қазақстан бүкіл Каспий өңірінің транзиттік-көліктік әлеуетін неғұрлым толық ашу үшін сындарлы өзара іс-қимыл мен ашық диалогқа бейімделген», – деді ҚР СІМ басшысы.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.Өскенбаев қатысушылардың назарын жүктер тасымалдау жүктемесі бірнеше есе өскен Транскаспий дәлізін одан әрі дамыту жөнінде нақты шешімдер қабылдау қажеттігіне аударды. «Ағымдағы жылдың 10 айында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы ТХКБ бойынша шамамен 1,5 млн. тонна жүк тасымалданып, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 2 есе асып түсті», – деп атап өтті Қ.Өскенбаев.

Қатысушылар көлік әлеуетін дамыту жөніндегі негізгі бағыттарға деген көзқарастардың бірлігін қанағаттанушылықпен атап өтті және үкіметтік деңгейде тікелей байланыстарды жандандыруға өзара мүдделілігін растады.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық тараптар келісілген жұмыс принциптерін, сондай-ақ нақты параметрлері, іске асыру мерзімдері және жауапты орындаушылары бар нақты жобаларды көздейтін 2022-2027 жылдарға арналған «тар» орындарды синхронды жою және «Орта дәлізді» дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды. Уағдаластықтарды іске асыру 2025 жылға қарай дәліз бойынша өткізу қабілетін жылына 10 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

28-11-2022

Халықаралық делегация Құрық портының жұмысымен танысты

Канада, Еуропа және ЕО Премьер-министрінің арнайы өкілі Стефан Дион бастаған делегация Құрық порты паром кешеніне ресми сапармен келді.

Сапардың мақсаты – порттың инфрақұрылымы мен қызметімен танысу және ынтымақтастықты талқылау.

Кездесу барысында делегация паром кешенінің бірқатар нысандарын аралап, порт жұмысын жоғары бағалады.

«Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов қонақтарды компанияның жұмыс көрсеткіштері мен логистикалық бағыттарды одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

25-11-2022

Маңғыстау облысы ірі көліктік-логистикалық орталыққа айналады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев:

«Облысымыз үшін өте маңызды шешім қабылданды. Бұл – арнаулы экономикалық аймақтың құрамына Ақтау және Құрық порттарын қосу жөнінде.

АЭА аумағы 250 га дейін ұлғайды. Яғни еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы мүмкіншілігін толығымен қолдану жөніндегі Президенттің берген тапсырмасын орындау бағытында атқарылып жатқан іс. Үкімет қолдады, бірнеше жыл бойына осы мәселе көтеріліп келеді. Бүгін біздің айтқанымыз ескеріліп, министрліктермен қолдау тауып, Үкімет басшысы қаулыға қол қойды.

Бұл өз кезегінде жүк айлағының жүгін арттырады, ал облыс үшін жаңа жұмыс орындары, салық базасының кеңеюі және т.б. оң өзгерістер әкеледі».

18-11-2022

«Құрық порты» ЖШС басшылығы өндірістік қызметкерлермен кездесу өткізді

«Құрық порты» ЖШС басшылығы өндірістік қызметкерлермен кездесу өткізді.

Отырыста ағымдағы мәселелер талқыланып, еңбек жағдайын одан әрі жақсарту және еңбек өнімділігін арттыру бойынша іс-шаралар белгіленді.

Сондай-ақ «Құрық порты» ЖШС барлық жұмысшыларының азаматтық позициясын танытуына мүмкіндік беру үшін алдағы сайлау мәселесі мен сайлау күні жұмыс барысын ұйымдастыру жайы да сөз болды.

12-11-2022

Құрық портында оқушылар танымдық экскурсия өткізді

Құрық портына «Кәсіптік бағдар» жобасы аясында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушылары келіп, порттың қызметімен танысты.

Бұл шара жасөспірімдердің болашақта таңдайтын мамандығына, кәсібіне бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.

«Құрық порты» ЖШС қызметкерлері оқушыларға порт аумағында экскурсия жасады.

Паромды кешенде жастар сақтық ережелерін үйретіп, теңіз айлағы аймағын аралап, теңізшілердің жұмысымен танысты.Танымдық экскурсия қатысушылары өз кезегінде порт қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, толықтай мәліметке қанықты.

04-11-2022

slide
slide
slide
slide
slide