Құрық порты Еуразия логистикалық картасындағы маңызды нүкте

18 маусым, 2021

Құрық портына іссапармен "Көлік-логистика серіктестігі" Халықаралық ұйымы төрайымы Кислякова Лариса Павловна, "KAZLOGISTICS" ЗТБ бас директоры Абсатов Ерлан Сембекұлы және де Орталық Азиядағы бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру бойынша USAID жобасының көлік және логистика бойынша басшысы Бейсеева Айжан Амангелдіқызы келді.


Іссапардың мақсаты Құрық портының Орта Азия елдеріне жүк тасымалдаудағы әлеуетімен танысу болып табылады.


Кездесу барысында делегация порттың жұмысымен, порттың іске қосылған уақытынан бергі тасымалдау қуаттылығымен, сондай-ақ, алдағы жылдарға қойылған даму бағытымен де таныс болды.


Сонымен қатар, паромды кешен қызметкерлері жаңа паромды бағыттар ашу бойынша атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар туралы да мәліметтер берді.


Кездесу соңында компания басшылары порт жұмысына жоғары баға беріп, алдағы дамуына сәттілік тіледі.

Фотогалерея

slide
slide
slide