Ирандық Казвин Сауда палатасының өкілдері мен «Ақтау теңіз порты» АЭА өкілдері Құрық портына жұмыс сапарымен келді

02 маусым, 2021

Ирандық Казвин Сауда палатасының өкілдері мен «Ақтау теңіз порты» АЭА өкілдері Құрық портына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында делегация Құрық портының қызметімен таныс болып, олар порттың пайдалануға берілген кезден бастап оның өндірістік қуаты және порттың алдағы жылдардағы даму перспективаларынан хабардар болды.

Кездесу соңында Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері порттың әлеуетін жоғары бағалап, порт Қытайды дамушы нарықтармен байланыстыратын ең тартымды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Фотогалерея

slide
slide
slide