Құрық портына «Астана» ХҚО басқарма басшысының төрағасы келді

02 маусым, 2021

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «Астана» ХҚО Басқарма Төрағасының кеңесшісі Қуандықов Болатбек Баянұлы бастаған делегация Құрық портына келді.


Делегация құрамында сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Орынбасаров Бекбол, Қарақия ауданының әкімі аппаратының басшысы Төлегенов Манар Аманжолұлы және Құрық ауылының әкімі Салихов Ғабит Ергелиұлы болды.


Паром кешеніне сапары барысында Болатбек Қуандықов порт аумағындағы бірқатар нысандарды аралап, Құрық портының инфрақұрылымымен танысты.

Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары Оспанов Талғат Сапарбекұлы делегацияны порттың қызметімен таныстырды.

Кездесу соңында делегация басшысы порт жұмысын жоғары бағалап, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Фотогалерея

slide
slide
slide