ҚҰРЫҚ ПОРТЫ ЖАС МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАҒА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРАДЫ

27 мамыр, 2021

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында өткен ашық есік күні аясында Құрық порты басшылығы мен Қарақия кәсіби білім беру колледжі және М. Тынышбаев атындағы ҚазАТК колледжі өкілдерімен кездесті.


Өңірлік кәсіпкерлер палатасы түлектердің түйіндемелерін жинақтап, кездесуге мұрындық болды. Білім ошақтары мен порт арасында әлеуметтік серіктестік орнады.


Сонан соң "Жұмыс жасаймын" жобасы да талқыланды. Алдағы уақытта порт сұранысына сай мамандарды даярлау да қарастырылмақ. Бұл- ауыл жастары арасында жұмыссыздықпен күресуге септігін тигізеді.


«Құрық порты» ЖШС біліктілікті арттыру, мамандарды қайта даярлау және жас мамандардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін білім беруге үлес қосу арқылы өңірдегі және облыстағы жұмыссыздық деңгейін қысқарту мәселесіне көп көңіл бөледі.


Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы Құрық порты Ш.Есенов атындағы «КМТжИУ» бірлесіп кадрларды қайта даярлау бойынша пилоттық жобаны іске қосты.


Кездесу нәтижесінде Құрық портының «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен және Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жобаны пайдалана отырып, бірлескен жұмысы туралы келісімеге қол жеткізілді.


Жаңа шарт тәжірибеден өту және студенттерді оқыту үшін мамандарды бөлу бойынша орындалатын болады. Өз кезегінде, бұл жоба өңірдің жас мамандарын жұмысқа қамтуға мүмкіндік береді.

Фотогалерея

slide
slide
slide