Біздің қызметкерлер

18 мамыр, 2021

Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!

«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Морозова Наталья Викторовна «Құрық порты» ЖШС кірістер және тарифтік саясат бөлімінің менеджері қызметін атқарады. "Экономист-менеджер"мамандығы бойынша РФ Балашиха қаласындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің түлегі.

Наталья Викторовна өз саласының білікті және тәжірибелі маманы. Көптеген ірі компанияларда жұмыс істеген. Құрық портында 2018 жылдан бастап қызмет атқаруда.

Осы позициядағы негізгі міндеті-келісімшарттарды дайындау және рәсімдеу, порт аумағынан жүктердің кіруі мен шығуына өтінімдерді ресімдеу және басқа да маңызды жұмыстар болып табылады.

Портта қызмет атқарғалы бері қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындай отырып, өзінің білімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін шебер үйлестіріп, өз ісінің нағыз маманы екендігін дәлелдеді.

Сондай-ақ, әріптестерінің арасында ол әрдайым көмек қолын беруге дайын және сабырлы, байсалды мінезімен ерекшеленеді.

Сөз соңында Құрық портының ұжымы атынан біздің әріптесімізге табыстар мен бар жақсылықты тілегіміз келеді.

Фотогалерея

slide