ҚҰРЫҚ ПОРТЫ ЕЛІМІЗДІҢ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУДА

18 мамыр, 2021

Маңғыстау өңіріне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Майданұлы Сатқалиев және «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Алик Серікұлы Айдарбаев келді.

Сапардың мақсаты – аймақтағы ірі көлік компанияларының қызметімен танысу.

Кездесуге Құрық порты ЖШС Бас директоры Серік Жетпісбайұлы Ахметов және Ақтау портының, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК" ЖШС және «ТХКБ» ЗТБ басшылары қатысты.

Кездесу барысында компаниялардың қазіргі қызметінің жай-күйі және Маңғыстау өңірінің теңіз көлік инфрақұрылымы активтерін дамыту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, паром кешенінің бас директоры Серік Ахметов өткен жылдың және ағымдағы жылдың 4 айының нәтижелерімен таныстырды.

Сондай-ақ, порттың жүктемесін арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Құрық портының негізгі қызметі паромдарды уақтылы және сапалы өңдеуді қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін 2 теміржол және 2 автомобиль айлақтары жұмыс істейді, бұл бір мезгілде тәулігіне 8 паромға дейін өңдеуді қамтамасыз етеді.


Фотогалерея

slide
slide