Құрық порты «Самрұқ-Қазына» фондының портфельді компаниялары арасында ұйымдастырған «Мен екпе алдым» акциясына қосылды.
«Құрық порты» ЖШС жұмысшылары COVID-19 індетіне қарсы екпе салдыруда.
Еліміздегі жалпы екпе алу басталғалы бері паромды кешеннің 20 жуық жұмысшысы екпе алған. Қазіргі таңда жалпы саны 19 адам вакцина салдырды.
Екпе салдыру процесінен өткен қызметкерлердің жағдайлары жақсы. Сондай-ақ ешқандай да кері әсері байқалмаған және қазіргі уақытта барлығы өздерін қалыпты сезінуде.
Бұған қоса, паромды кешенде медицина қызметкерлері Құрық портының жұмысшыларымен коронавирус инфекциясына қарсы екпе алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Еске салсақ, Қазақстана «Спутник V», QazVac және Hayat-Vax вакциналары салынуда. Ел бойынша 1,5 млн жуық адам немесе халықтың 15%-ы вакцина салдырған.