БІЗДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ!

13 мамыр, 2021

Құрық паромды кешенінің қызметкерлері жинау құрал-жабдықтарымен қаруланып, «тазалық акциясы» аясында дәстүрге айналған көктемгі сенбілікке шықты. Мекеме ұжымы жұмысқа белсенді және көңілді кірісті. Расымен, қызметкерлердің ғана емес, сонымен қатар біздің кешенге келетін жолаушылар мен қонақтардың көңіл-күйі бірінші мультимодальдық кешеннің сыртқы келбетіне, оның ішінде керемет аумаққа, жалпы эстетикалық және мейірімді атмосфераға байланысты.

Кешен ұжымы мен басшылығы көгалдар мен тротуарларды тазалап, қоқыс шығарды. Бірлексен жұмыстың арқасында бірнеше сағат ішінде порт аумағы жайнап сала берді. Сенбілік кезінде қызметкерлер аумақты ретке келтіріп қана қоймай, көктемгі әсем табиғат аясында бейресми түрде сөйлесіп, ұжымда мерекелік көңіл-күй орнады.

Осындай іс-шараларды өткізу ұжымның одан әрі бер болуына ықпал етеді!

Естеріңізге сала кетейік, паром кешенін экологиялық портқа айналдыру аясында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Фотогалерея

slide
slide
slide
slide
slide