"Құрық порты" ЖШС» мен «TransTeleCom» АҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

26 сәуір, 2021

«Құрық порты» ЖШС мен «TransTeleCom» АҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Келісімнің мақсаты Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен шарттарын айқындау болып табылады.

«TransTeleCom» АҚ – ақпараттық технология, байланыс, автоматика және энергетика саласында телекоммуникацияларға, цифрландыруға және жүйелік интеграцияға маманданған Қазақстан Республикасының ең ірі байланыс операторларының бірі.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық жұмыстарын талқылап, бірлескен жұмыс топтарын құру, жол картасын бірлесіп әзірлеу және бекіту, іс-шараларды өткізу шеңберінде ақпараттық қолдау көрсету, сондай-ақ "TransTeleCom" АҚ жаңа өнімдерін енгізу мүмкіндігі мәселелері бойынша Келісімнің негізгі бағыттарын анықтады»

Кездесу соңында тараптар меморандумға қол қойып, алдағы бірлескен жұмыста табыс тіледі.


Фотогалерея