«KTZ Express» өкілдері Құрық портына келді

09 сәуір, 2021

Құрық портына жұмыс сапарымен «KTZ Express» АҚ өкілдері келді.

Іссапар мақсаты – порт қызметімен танысып, бас директормен келіссөздер жүргізу болып табылады.

Кездесу барысында делегация Құрық портының өткен жылғы атқарған жұмыстарының нәтижелерімен таныс болды.

Жиын барысында сондай-ақ, қос тараптың бірлесе атқаратын жұмыстары мен компанияның қысқа уақыттағы тасымалдау көлемін арттыруы, тасымалдау уақытының тиімділігі мен бағасы талқыланды.

Сонымен қатар, порттың іске қосылғанынан бергі жүктерді тиеу динамикасы көрсетілді.

Кездесу соңында акционерлік қоғам өкілдері Құрық портының еліміздің теңіз тасымалын дамытудағы мағыздылығын атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.


Фотогалерея

slide