Біздің қызметкерлер

30 наурыз, 2021

Қайырлы күн қымбатты оқырмандар!

Бүгін «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғасытарымыз.

Эколог – бұл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және басқа да әрекеттері азайтуға арналған шаралар кешенін ұйымдастыруға жауап беруші қызметкер болып табылады.

Бүгінгі шығарылымымызда қоршаған ортаны қорғау қызметінінің жұмысшысы туралы айтпақпыз.

Мұқашева Ақжан Тұрланқызы «Құрық порты» ЖШС жетекші инженер-эколог қызметінде жұмыс жасайды. 2010 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Эколог» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, аталған жоғарғы оқу орнының магистранты болып табылады.

Одан бөлек, БҰҰ даму бағдарламасының гранты бойынша және мемлекеттік қызметкерлерді шет тілдеріне үйрету, қайта дайындау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығында, сонымен қатар, «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен ҚР ИИД министрлігінде және басқа да оқу орындарында біліктілігін арттыру курстарын өткен.

Еңбек қызметін 2011 жылдан бастаған. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ жұмыс жасаған. Құрық портында 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді. Әріптестері арасында құрметке ие және басқа да қызметкерлермен достық қарым-қатынаста.

Сөз соңында, біздің бүгінгі кейіпкерімізге жұмысына табыстар мен барлық жақсылықтарды тілейміз.


Фотогалерея

slide