Құрық порты жаңа паром маршруттарын дамытуда

19 наурыз, 2021

"Құрық порты" ЖШС Бас директоры Ахметов Серік Жетпісбайұлының келуімен жаңа паром желілерін дамыту бойынша жобалар іске қосылды.

Осы жоба шеңберінде, Құрық портының маркетинг және логистика блогымен 2020 жылғы қарашадан бастап жаңа паромдық желілерді ашу бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша Амирабад/Энзели (Иран) портының – Құрық портының жаңа автомобиль паромдық желісі жұмыс істей бастады.

Ресейлік тасымалдау операторымен жүргізілген келіссөздер бойынша Иран және түрік жүк жөнелтушілері тарапынан осы бағытқа жоғары сұраныс бар.

18 Наурызда "Композитор Рахманинов" паромы Энзели – Құрық бағыты бойынша Құрық портына бесінші кеме қатынасын жасады. Паром бортында БАӘ-ден Қазақстанға жүк жөнелтушілермен келіссөздер нәтижесінде қайта бағдарланған жүк және жеңіл автомобильдер келді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта маркетинг және логистика блогының өкілдері жаңа жаңа паромды бағытын ашу және қолданыстағы бағыттарды дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Фотогалерея

slide